Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қандай жағдайда маска режимі енгізілетіні туралы айтты.
Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөнінде 10 қаулы бар, оның ішінде 6 негізгі қаулы және 4 негізгі қаулыға өзгерістер енгізілетін қаулы.
Осы қаулылардың біріне сәйкес, маска режиміне, әлеуметтік қашықтыққа және күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізуге қойылатын талаптар, «Ashyq» қосымшасын пайдалану, кабинеттік оқыту жүйесін жою, сондай-ақ көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу өңір «қызыл» аймаққа (жоғары эпидемиологиялық тәуекел) ауысқан кезде ғана енгізілетін болады.