Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
Қазір ұжымдық иммунитет деңгейі қазақстандықтарға маска кимеуге мүмкіндік ұсынып отыр. Алайда ол төмендеп кеткен жағдайда коронавирусқа қарсы алдын алу шараларын қатаңдатылуы мүмкін. Коронавирус пандемиясы елімізде әлі жалғасуда. Жағдайдың әрі қарай дамуының екі сценарийі бар. Бәрі ұжымдық иммунитетке байланысты, - деп атап өтті бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Сонымен қатар ол қол жеткізілген 50% ұжымдық иммунитетті әрі қарай ұстап тұру маңызды деп отыр.
Ол үшін адамдар вакцинациядан көбірек өтсе, аурушаңдық деңгейі де соғұрлым төмен болады. Дәл қазіргі сәтте вакцинация мен ревакцинацияның мәні зор. Коронавирус әрі қарай өрши ме, жоқ па, ешкім оны нақты білмейді. Маска кию режиміне қайта оралуымыз да мүмкін, - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус пандемиясының әлі толықтай басылмағанын айтқан болатын. Бұған әлемде вирустың жаңа штамдарының пайда болуы себеп болып отырғанын айтты. Сондай-ақ ДДСҰ жағдайды бақылап, мониторинг жүргізіп жатқанын алға тартты.