Маска тағудың ережелері қандай

29 Маусым 2020, 15:59
5103
Бөлісу:
Маска тағудың ережелері қандай
Фото: Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, медициналық және мата маскаларды кім және қашан тағуға болатыны арасында бірнеше айырмашылық бар. 

-Медициналық масканы медицина мамандары, COVID-19 белгілері бар адамдар және COVID-19-ды жұқтыруда күдікті емделушілерге күтім жасайтын адамдар киюі керек.

-60 жастан асқан адамдарға және созылмалы аурулары бар адамдарға кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде медициналық маскалар кию керек. 

Коронавирустық инфекцияның таралуы тіркелген жерлерде, сондай-ақ, кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қиын жерлерде COVID-19-дың белгілері жоқ адамдарға мата (медициналық емес) маска кию керек.

Сонымен қатар, масканы қолданған кезде оны дұрыстап кию және дұрыс тастау маңызды.

-Масканы киер алдында қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.

-Аузыңызды және мұрныңызды маскамен жауып, бет пен маска арасында бос орындар жоқ екенін тексеріңіз.

-Масканы қолыңызбен ұстамауға тырысыңыз. Егер тигізсеңіз, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.

-Масканы ылғалданған соң ауыстырыңыз және бір реттік масканы қайталап кимеңіз.

-Масканы артқы жағынан шешіңіз (алдыңғы жағын қолыңызбен ұстамаңыз). Оны дереу жабық қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабынмен жуыңыз.

Өзгелердің жаңалығы