Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Маск X желісіне кибершабуыл жасалғаны туралы хабарлады

11 Наурыз 2025, 08:55
601
Бөлісу:
 baq.kz
Фото: baq.kz

X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск әлі де кибершабуыл жалғасып жатқанын жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін бүкіл әлемдегі қолданушылар платформаның ақаулары туралы шағымданған.

X жаппай кибершабуылға ұшырады. Бізге күн сайын шабуыл жасалады, бірақ бұл жолы шабуыл маңызды ресурстарды қамтыды. Оның артында үлкен үйлестірілген топ немесе тіпті мемлекет болуы мүмкін. Біз жағдайды бақылап жатырмыз, - деп жазды Маск әлеуметтік желіде.

Дүйсенбіде X пайдаланушылары платформаның мобильді қосымшасы мен веб-нұсқасына қатысты мәселелер туралы хабарлай бастады. Мәселелер авторизация, жаңалықтар арнасын жаңарту және хабарламаларды жіберу қиындықтарын қамтиды.

Өзгелердің жаңалығы