Мәсімовтің жазасы жеңілдетілді

16 Маусым 2023, 19:25
2504
Бөлісу:
Мәсімовтің жазасы жеңілдетілді
Фото: Владислав Воднев

ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқаларға қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 маусымда Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сатысы К.Мәсімов, А.Садықұлов, Д.Ерғожин, М.Осипов және олардың қорғаушыларының шағымдары бойынша "өте құпия" деген белгімен қылмыстық істі қайта қарады.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 24 сәуірдегі үкімімен К.Мәсімов пен А.Садықұлов Қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 және 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Д.Ерғожин Қылмыстық кодекстің 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

М.Осиповке Қылмыстық кодекстің 362-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Апелляциялық соты К.Мәсімовке, А. Садықұловқа және Д. Ерғожинге қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін қауіпсіздігі ең жоғары мекемеден қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтеу бойынша өзгертті, - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 46-бабына заң шығарушы енгізген, 21 мамырда күшіне енген өзгерістерге сәйкес бұрын бас бостандығынан айырылмаған, қасақана қылмыс жасағаны үшін 2 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айырылмаған адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тағайындалады.

Қалған бөліктер бойынша үкім өзгеріссіз қалған. Сонымен қатар, ол заңды күшіне енді.

Еске салайық, бүгін сот Кәрім Мәсімовке қатысты үкім шығарды. Ол 18 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты.

Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ Апелляциялық сот режимнің жеңілдетілу себептерін түсіндірді.

Сот мәлімдемесінде Қылмыстық кодекстің 6 бабына сәйкес жазасын өтеушілердің жағдайын жақсарту ережесі күшінде сақталады және соттардың қолдануы міндетті болып саналады.

Қылмыстық кодекстің 2023 жылғы 21 мамырдағы заңнамаға енгізліген өзгерістерге сәйкес, бұрын сотталмаған, қасақана жасаған қылмысы үшін  екі жылдан жоғары мерзімге кесілгендерге қылмыстық жазасын өтеу түрі қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орта деңгейлі ( жасалған қылмыстың ауырлығына қарамастан) мекемесінде өтейді, - делінген сот хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы