Елордада масаларды уламаған шенеуніктер жазалануы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов масаларды улауды тапсырды.

 9 Шілде 2019 2019, 09:27
9 Шілде 2019 2019, 09:27
2149

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов масаларды улауды тапсырды.

"Тұрғындар тарапынан масаларды улауға қатысты көптеген шағымдар түсуде. Бұған қатысты аудан әкімдері мен тиісті басқармаға шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырдым. Тиісті шараны уақытында қолға алмағандарға тәртіптік шара қолданылады", - деп жазды Алтай Көлгінов Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде масаларға өз шағымдарын көптеп жазған болатын.

Наверх