Мас жүргізуші жол апатына ұшырап, жолаушыcы қаза болды

5 Сәуір 2023, 19:15
767
Бөлісу:
Мас жүргізуші жол апатына ұшырап, жолаушыcы қаза болды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысының тұрғыны мас күйінде көлік басқарған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Жол апатынан бір адам қайтыс болды.

Мас жүргізуші жол апатына ұшырап, жолаушыcы қаза болды

Оқыс оқиға 4 сәуірде Панфилов ауданында Mitsubishi Galant автокөлігінің қатысуымен болды. Жапондық шетел көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Пенжім-Ынтымақ автожолында рөлді басқара алмай, жол бойындағы бетон қоршауларына соқтығысқан. 

Ауруханаға жеткізілген кезде көліктегі 37 жастағы жолаушы қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі жеңіл жарақат алып, медициналық тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Анықталғандай, жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқарған, бұл медициналық куәландырумен расталады. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК 345-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіліп жатыр. ЖКО-на кінәлі адамды қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр, - делінген ІІМ хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы