Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дәрігерлер мас жүргізуші қағып кеткен 14 жастағы баланың жағдайы туралы айтты.
Оқи отырыңыз:
Баланың жағдайы тұрақты ауыр. Бірақ динамика бар. Көп жарақат алған. Сүйектері, бас сүйегі сынған. Есін жиды. Ол комада болған еді, - деді Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасында.Естеріңізге сала кетейік, мас күйінде таксиді айдап кеткен елордалық екі адамды қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтқан болатын.