Мас полицей жас жұбайларды көлікпен қағып кетті

Бүгiн, 12:13
433
Бөлісу:
Мас полицей жас жұбайларды көлікпен қағып кетті
Фото: Арман Мухатов - архив

Ақтөбе облысында полицей екі адамды көлікпен қағып өлтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде көлік тізгініне отырып, рульге ие бола алмай, жас жұбайларды қағып кеткені туралы ақпарат пайда болды. Екі адам да қаза болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қайғылы оқиғаға полиция қызметкерінің қатысы барын растады.

ЖКО дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп, жүргізуші қамауға алынды. Қызметтік тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша жеті жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар атқаратын лауазымдарынан босатылды, - деп хабарлады полиция.

Өзгелердің жаңалығы