Мас күйінде көлік жүргізген екібастұздық көше сыпыруға жіберілді

10 Қаңтар 2021, 05:32
1238
Бөлісу:
Мас күйінде көлік жүргізген екібастұздық көше сыпыруға жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәлімдеуінше, мас күйінде көлік жүргізгені үшін сотталған 38 жастағы екібастұздық көлік жүргізу құқынан өмір бойына айырылған.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Сондай-ақ, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының бірінші бөлігі бойынша жауапқа тартылып, Екібастұз пробация қызметіне тіркеуге тұрғызылды.

Көлік құралын басқару құқығынан айырумен қатар, оған 500 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Күн сайын ол белгілі бір аумақта 4 сағат жұмыс істейді. Жұмыс күші қажет болатын жерлерді әкімдік анықтайды. Әдетте, мұндай жұмыс біліктілікті немесе кәсіби қабілетті қажет етпейді. Сондықтан жазаның осы түріне сотталған кез келген адам жұмыс істей алады, - деп түсіндірді қалалық пробация қызметінің басшысы Дархан Медетов.
Егер қылмыскерлер қоғамдық жұмыстардан жалтарса, олардың бостандығы шектеледі. Жұмыс істемеген төрт сағат үшін бір күн бостандығынан айырылады.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, таза ауада жұмыс істегендер қайтадан бұл тізімге оралмайды. Демек, олар түзу жолға түседі, - дейді облыстық пробация қызметін басқару бөлімінің басшысы Әсет Сатыбалдин.

Өзгелердің жаңалығы