Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмолалық полицейлер көлікті есірткілік мас күйінде басқарған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына өзгерістер енгізілді, енді мас күйіндегі жүргізушіні бірінші рет көлік құралын басқарғаны үшін көлік басқару құқығынан айыру мерзімі үш жылдан жеті жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу енгізілді.
Сонымен қатар егер жүргізуші куәлігінен айырылған жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мысалы, 2020 жылғы 2 қарашада Көкшетау қ. ПБ ЖПҚБ ППБ полицейлері Көкшетау қ.жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде Зеренді ауылының 39 жастағы тұрғыны басқарған “Газель” маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші Зеренді аудандық сотының 27 қаңтардағы шешіміне сәйкес 36 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары жүргізушінің тіркеу құжаттарын тексеру кезінде ерекше иісті сезіп, тәртіп бұзушыны мас күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өту үшін облыстық наркологиялық оңалту диспансеріне жіберді. Нарколог дәрігер “Опиоид” қабылдау салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын растады.
Нәтижесінде полицейлер бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру , сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) бойынша сотқа дейінгі іс бастады.