Мас күйде жүрген полиция басшысы қызметінен босатылды

1 Желтоқсан 2022, 20:10
17589
Бөлісу:
Мас күйде жүрген полиция басшысы қызметінен босатылды

Ақтөбе облысында қоғам белсендісі полиция қызметкерлерінің мас күйде жүргені туралы бейнежазба жариялаған, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментінеің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, мас күйде жүрген қызметкер жұмыстан қуылады.

Өз қызметкерлер арасында заң бұзушылықты болдырмау мақсатында кешенді түрде жұмыс атқарамыз. Мысалы, Темiр полиция бөлімі бастығының орынбасары тексеру барысында Кеңқияқ полиция бөлімшесінің бастығы мас күйде болғанын анықтады, - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің хабарлауынша, осы дерек бойынша қызметтік тексерiс жүргiзiлiп, Кеңқияқ полиция бөлімшесінің бастығы ішкі істер органдарының беделін түсiргенi үшiн қызметтен шығарылатын болады

Өзгелердің жаңалығы