Марста біртүрлі дүние табылды

7 Сәуір 2025, 10:46
1580
Бөлісу:
Марста біртүрлі дүние табылды
Фото: жасанды интеллект

Perseverance марсоходы Езеро кратерінің шетінде орналасқан Вич-Хейзел төбесін зерттеу кезінде Марстан ерекше нәрсе тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі LiveScience басылымына сілтеме жасап.

Тастың құрамында диаметрі миллиметрден аспайтын көптеген қою сұр түсті көпіршіктер бар. Көпіршіктердің басым бөлігі шар тәрізді, кейбіреуі сопақ, енді біреулері жарылған. Кейбір бөліктерінде өте ұсақ тесіктер байқалады.

NASA сайты бұл олжаны "естен тандыратын" деп атады. "Сент-Полс-Бей" деген атау берілген бұл тас астындағы жыныстан мүлде өзгеше және ол осы жерге басқа жақтан келген болуы мүмкін. Оның нақты қайдан және қалай пайда болғаны әзірге белгісіз.

NASA мәліметінше, Жер бетінде де осындай шар тәрізді шоғырлар кездесетін тастар болады. Олар ботриоидты түзілімдер деп аталады және әдетте айналада кристалл өсуіне қолайлы майда бөлшектер көп болған жағдайда пайда болады.

Тағы бір нұсқа да қарастырылып жатыр: NASA мәліметінше, мұндай көпіршікті құрылымдар балқытылған жыныстың тез суынуынан да туындауы мүмкін. Бұл, мысалы, метеорит құлаған кезде орын алуы мүмкін — соққыдан бірден еріген зат жан-жаққа шашырап, сол сәтте суып үлгереді.

Айта кетейік, бұған дейін марсқа төзімді тіршілік иесі анықталған болатын.

Өзгелердің жаңалығы