Мароккодағы жерасты дүмпуінен опат болғандар саны 2862-ге жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Жарақат алғандар қатары 2,5 мыңнан асады. Өкінішке қарай, өлім-жітім статистикасы мұнымен тоқтамайтын сыңайлы. Өйткені үйінді астында қалып қойған адамдар бар болуы мүмкін. Осыған байланысты елдегі құтқару операциясы қауырт жүріп жатыр.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте Мароккода жойқын жер сілкінісі тіркелді. Оның арты афтершокқа ұласып, ахуал одан сайын ушыға түсті.