Мароккода жер сілкінісінен кейін сейсмикалық афтершок тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның магнитудасы 4,5 балл. Тұрғындардың айтуынша, жерасты дүмпулері бірнеше мәрте қайталанған.
Айта кетейін, 8 қыркүйек күні Марракеш қаласынан 80 шақырым жерде қуаты 6,9 балл зілзала болды. Одан 2012 адам көз жұмды. Тағы осынша адам жарақат алды. Билік өкілдері таратқан ақпар бойынша 1,5 мыңға жуық азаматтың жағдайы өте ауыр. Апат құрбандарының саны алдағы уақытта артуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар әлі кейбір шалғайдағы аудандарға жете алмай жатыр.