Дананг қаласында (Вьетнам) өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бір медальмен толықты.
Отандасымыз Мария Севостьянова 57 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, финалдық кездесуде Оңтүстік Корея спортшысына ғана есе жіберді. осылайша ол күміс медаль иегері атанды.
Бір айта кетерлігі, аталған турнирде өзге спортшыларымыз жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.
Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінде қазақстандық Нариман Курбанов чемпион атанғанын жазған болатынбыз.