Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
Өткен аптада Жамбыл облысында Айша бибі ауылының маңында патрульдік полиция қызметкерлері BMW X5 көлігін тоқтатты. Оның салонынан 200 келі 8 қап марихуана табылды. Сондай-ақ елордалық полицейлер Мичурин ауылындағы жеке тұрғын үйдің көмір қорасынан 42 келі марихуананы тапты. Үй иесі бұл затқа қатыстығы жоқ екенін айтқан. Алайда оның үйінен гашиш табылған, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек.
Ол атағандай, жамбылдық полиция Шу тұрғынынан 160 келіден астам есірткіні тапқан.
Оның үйін тексеру кезінде 8 қап марихуана табылған. Ал Маңғыстау полициясы жедел-іздеу шараларын жүргізген кезде ақтаулық әйелден синтетикалық заттарды тапқан. Ұсталғандар бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды іздестіру жалғасып жатыр, - деді ол.