Маратбек Мықтыбек Бокс федерациясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды

2 Наурыз 2022, 10:30
2122
Бөлісу:
Маратбек Мықтыбек Бокс федерациясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбек мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісі өтуде.

Ол еліміздің Бокс федерациясының атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Бокстан ұлттық құраманы осы жылдың негізгі жарыстарына дайындау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізілуде. Қазақстандық бокс алғашқы рет екі ғана қола медаль әкелген Олимпиададан бөлек ерлер мен әйелдер құрама командалары Дубайдағы Азия чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Бұл ойындар Азия елдерінің әуесқой боксшылары үшін ең маңызды жарыс болып саналады. Жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болдық. Онда біздің қыздар 8 алтын алды. Сербиядағы ересектер арасындағы әлем чемпионатында біздің ерлер құрамасы әртүрлі номиналды 5 медальді жеңіп алды, -деді  атқарушы директоры.

Оның айтуынша, пандемияның басталуы бокс қана емес дене дайындығын сақтау үшін маңызды дейтін спорт түрлерін бәсеңдетті.

Тәуелсіздік алған аз ғана тарихында қазақстандық бокс нөмірі бірінші спорт түріне айналды. Біздің спортшылар тек Олимпиада ойындарында 7 алтын, 7 күміс және 9 қола медаль сондай-ақ Азия, әлем чемпионаттары мен Азия ойындарында 200-ден астам бірінші дәрежелі медальдарды әкелді, -деді Марат Мықтыбек. 

Өзгелердің жаңалығы