Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Еңбек жолын 1997 жылы Салық бөлімінің заңды тұлғаларды тексеру бөлімінің бірінші санатты маманы болып бастаған.
1998-2001 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас маман – бас салық инспекторының м. а. болып жұмыс істеген.
2001-2010 жылдары Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде жұмысын жалғастырған, Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.
2012-2014 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.
2014-2017 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.
2017 жылғы маусымнан 2018 жылғы қазанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік–экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2018 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 15 қаңтардан бері ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын.