Астанада өткен сайлауда Омаров мүмкін болған 36 дауыстың 34-ін жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Марат Омаров бұған дейін футбол саласында қызмет атқармаған. Ол 2012-2014 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі қызметін атқарып, 2014-2016 жылдар аралығында Ұлттық экономика министрлігі директорының орынбасары болған.
Ал 2022 жылдың 16 тамызында ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып тағайындалған еді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов болған еді.