Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр

10 Қаңтар 2022, 17:27
1796
Бөлісу:
Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елдегі Төтенше жағдайға байланысты Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр. 

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Президенттің 2022 жылғы 05 қаңтардағы №742 Жарлығына сәйкес, аудан аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау және оның алдын алу мақсатында Келес ауданынан Мақтаарал ауданына кіреберістегі Азаттық елдімекеніне және Жетісай ауданынан Мақтаарал ауданына кіреберістеріндегі Ақалтын, А.Қалыбеков және Достық елді мекендеріне блок-бекеттер орнатылды. 

Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр

Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Қ.Сатыбалдиев барлық блок бекеттерге жауапты ретінде бекітілді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, әкімдіктердің мамандары, Жетісай және Мақтаарал аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің қызметкерлері, әскери қызметкерлер бекітілген кестеге сәйкес блок-бекеттерде кезекшілік жасап жатыр. 

Мақтаарал ауданында 4 блок-бекет жұмыс істеп тұр

Блок бекеттен өткен көліктер мен көліктегі әрбір азаматтардың жеке куәліктері тексерілуде. Бұдан бөлек, ауданда төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңіне дейін күн сайын сағат 23:00-7:00 аралығында комендаттық сағат енгізілген. Атап айтқанда, аудан тұрғындары осы уақыт аралығында көшеге себепсіз шығуға болмайды. 

Ауданда аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілерді де күзету күшейтілген. Сонымен қатар ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынған. 

Өзгелердің жаңалығы