«Мақсатымыз - Голливуд». Елімізде Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығады

Бүгiн, 14:50
167
Бөлісу:
«Мақсатымыз - Голливуд». Елімізде Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығады

Биыл қазан айында әйгілі ғалым Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығады. Бұл туралы Comic Con Astana 2024 фестивалінде Шоқан комиксінің авторы Ғалым Байтоқ айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шоқан - Орта Азияның Индиана Джонсы. Өткен жылы Шоқан Уәлихановтың өмірі туралы комикс шығардық. Ал, биыл Шоқан туралы мультсериал түсіруді қолға алдық. Студиямыз Алматы қаласында орналасқан. Жобаның продюсері тәжірибелі маман Самат Алин деген азамат. Бүгінді таңда мультфильм жасалып жатыр. Туындының әр сериясы 7 минуттан тұрады. Бүкілі 10 серия шығады. Балаларға қызық болсын деп фэнтези жанрын қостық. Жоба қазан айында жарық көреді деп отырмыз. Біздің мақсатымыз сапалы дүниелер шығарып, голливудтың назарын аудару, - деді Ғалым Байтоқ.

«Мақсатымыз - Голливуд». Елімізде Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығады

Жаба авторы алдағы шығатын мультфильмде Шоқаннан бөлек тағы қандай кейіпкерлер болатынын айтты.

Туынды 3D форматта болады. Фэнтези жанры сәйкес мультфильмде айдаһар, телепорт, сиқыршылар және жауынгер әйелдер болады. Бұл мультсериал шыққаннан кейін комиксті қайта қараудан өткізіп, туындыға ұқсас етіп жасаймыз. Жобаға жасауға 2 жылға жуық уақыт кетті, - дейді жоба авторы.

«Мақсатымыз - Голливуд». Елімізде Шоқан Уәлиханов туралы мультсериал шығады

Еске сала кетсек, бұған дейін редакциямыз Comic Con Astana 2024 фестивалінен фоторепортаж ұсынған болатын.

Өзгелердің жаңалығы