Мақажанов Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

2 Маусым 2023, 12:32
546
Бөлісу:
Мақажанов Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
Фото: Үкімет

ҚР төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Нығметжан Қойшыбайұлы Мақажанов зейнет жасына толуына байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Нығметжан Мақажанов 1960 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар индустриялық институтын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы «Казгипрокоммунстрой» ГПИ инженері болып бастаған.

1989-1996 жж. – Қазақстанның ЛКЖО орталық комитеті жанындағы жастар тұрғын үй кешендері ұжымдары қауымдастығы орталығының бөлім меңгерушісі, төраға орынбасары.

1999 жылдан 2001 жылға дейін «Кәсіпорындарды қайта құру және жою жөніндегі агенттігі» ААҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2001-2006 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, төрағасы.

2006-2007 жж. – «КЕГОК» АҚ вице-президенті.

2008-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2013-2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары.

2014-2017 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары

2017-2020 жж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2020 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы