Маңғыстаулықтар қырғыз елінің азаматтарын еліне шығарып салды

Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат – Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Маңғыстау облысының әкімдігі 29 Желтоқсан 2024 2024, 23:20
29 Желтоқсан 2024 2024, 23:20
776
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Бүгін, 29 желтоқсан күні Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандық үш азамат – Осмонов Тилек, Эрлан Джунушуалиев және күні кеше жансақтау бөлімінен шыққан Асанов Ринат Ақтауға келген жақын туыстарымен бірге өз елдеріне жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оларға Маңғыстау облыстық ауруханасында тиісті медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде үш азаматтың да жағдайы тұрақты.

Зардап шеккендерді әуежайдан шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев қатысты. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының жансақтау бөлімінде ұшақ апатынан зардап шеккен үш әзірбайжандық азамат ем қабылдауда, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Үкіметтік комиссия жұмысын жалғастыруда.

Наверх