36 жастағы Жадыра Бермұхамбетова – пауэрлифтинг және зілтемірді жатып сығымдап көтеруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы. Айтулы додаларда алтыннан алқа таққан ару, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Жадыра бала жасынан спортқа үйір. 200 келілік гір тасын көтеріп Қазақстанда рекорд орнатқан. Азия чемпионатының 4 дүркін чемпионы. Сонымен қатар Азия рекордсмены және абсолюттік Азия чемпионы, әлемнің 3 дүркін күміс жүлдегері және Әлем чемпионы.
Жадыра Бермұхамбетова жетістікке жетудің төте жолы тынымсыз еңбек пен спортқа деген сүйіспеншілік екендігін айтады.
Түрлі салмақ дәрежесінде ауыр көтеруді әдетте әйелдерге тән емес деп есептейтіндер бар. Алайда мен бұл пікірмен келіспеймін. Табанды еңбек пен талпыныс, мақсатты, үздіксіз жаттығулар кез-келген спорт түрінде жетістікке жетелейді. Әрине, бұл оңай дүние емес, бірақ спортта бәрі де мүмкін,– дейді чемпион ару.