Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді

11 Шілде 2020, 17:05
1688
Бөлісу:
Маңғыстауға Ресейден бір топ дәрігер көмекке келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

Бүгінде Маңғыстауда медицина қызметкерлерінің жұмыс көлемі екі есеге артқан. Дәрігерлер науқастардың өмірі үшін күн-түн демей аянбай күресуде. Алайда, сырқаттанушылардың көбеюіне байланысты өңірде мамандар жетіспеушілігі байқалды. Реаниматологтар, инфекционистер, терапевтер және жалпы практика дәрігерлері тапшы. Облыс әкімі Серікбай Трұмовтың тікелей араласуымен бұл мамандарды облысқа алдыру бойынша жұмыс басталып кетті. Бүгін таңда ресейлік 9 дәрігер мінген ұшақ Ақтау әуежайына қонды. Барлығы да білікті медицина қызметкерлері, - делінген хабарламада.

1.Дворницына Карина Константиновна, инфекционист дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.

2.Оганисян Артур Александрович, денсаулы сақтау саласын ұйымдастыршы дәрігер, коронавирус індетімен күресуші топтың басшысы болған, тәжірибесі бар.

3.Шенгиреев Игорь Константинович, невролог, антикоагулянттар және т.б. дәрі-дәрмек мөлшерін анықтаумен айналысушы маман.

4.Захарова Дарья Константиновна, педиатр, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.

5.Ямалтдинов Азат Афканович, пульмонолог, рентгенолог, фтизиатр дәрігер.

6.Кочергина Валентина Владимировна, реаниматолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар.

7.Федоренко Инна Николаевна, терапевт, кардиолог, коронавирус індетімен күресуде тәжірибесі бар дәрігер.

8.Захаров Лев Владимирович, коронавирус жұқтырған науқастарды босандырып алуда тәжірибесі бар акушер.

9. Суковатицина Ольга Станиславовна, фельдшер, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуде тәжірибесі бар дәрігер.

Мәскеуден келген медицина қызметкерлері жоспарын талқылап, ауруханаларға бөлініп, жұмыстарына кірісіп кетті.

Өзгелердің жаңалығы