Маңғыстаудың тағы бір мектебінде оқушылар жаппай уланды

13 Қыркүйек 2024, 11:29
458
Бөлісу:
Маңғыстаудың тағы бір мектебінде оқушылар жаппай уланды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Маңғыстау облысында тағы да оқушылар жаппай уланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мектеп қабырғасында 16 бала уланып қалған.

12 қыркүйекте Бейнеу ауылында Жұмағали Қалдығараев атындағы мектептің оқушылары аудандық жедел жәрдем бөліміне іш ауруына шағымданып келген. 

Қабылдау бөлімінде балаларға регидратация процедурасы (жоғалтқан су мөлшерін қалпына келтіру) жасалды және инфузиялық терапия жүргізілді, яғни балаларға система қойылды, - делінген хабарламада.

Балалар сол күні үйлеріне оралған. Ал 13 қыркүйекте қайта сабаққа бара бастаған. 

Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық басқарма мамандары мектептегі тамақ пен ауыз судан сынама алды. Оларды сараптамаға жіберді. 

Еске салсақ, бұл өңірде тіркелген жаппай уланудың екінші дерегі. 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданындағы №8 мектепте де балалар астан уланып, зардап шеккендердің саны 460-қа жеткен болатын.  

Өзгелердің жаңалығы