Маңғыстаудағы сарбаздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Бөлісу:
Маңғыстаудағы сарбаздың өліміне қатысты сот үкімі шықты
Фото: автордан

Төраға етуші судья Тамара Королевская 25744 әскери бөлімінің лейтенанты Дамир Досовқа тағылған айып толығымен дәлелденгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Маңғыстаудағы сарбаздың өліміне қатысты сот үкімі шықты

Үкімге сәйкес Дамир Досовқа қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігімен 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Одан бөлек ол жәбірленуші тарапқа 235 мың теңге материалдық және 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуі тиіс. 

Сондай-ақ сот шешімімен Дамир Досов лейтенант шенінен айырылды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Еске салсақ, сарбаз Марат Барқұлов 2024 жылдың 7 қыркүйегінде Ақтаудағы "Батыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты "Оймаша" әскери полигонында қаза тапқан еді. Тергеу барысында анықталғаны – әскери полигонда кезекшілікке түскен лейтенант Дамир Досов "Макаров" маркалы тапанша мен 16 оқ алып, сарбаздар жатқан палаткаға қарай барған. Кейін онда демалып отырған солдаттарға қарай қаруды кезеніп, атып жіберген. Оқ Марат Барқұловтың басына тиіп, ол ауруханаға жетпей жан тапсырды.

Бұған дейін оқ тиіп көз жұмған сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот процесі елордада жалғасып жатқанын жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы