Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында газбен жабдықтау уақытша тоқтатылды. Бұған жол-көлік оқиғасы салдарынан орташа қысымдағы газ құбырының зақымдануы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шамамен сағат 19:20-да ауылға кіреберісте автокөлік орташа қысымдағы газ құбырына соғылған. Оқиға салдарынан газ желісінен барлық әлеуметтік нысандар мен 2 300 тұрғын үй уақытша ажыратылды.
Қазіргі уақытта мамандар апатты жою және газбен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік шаралары күшейтілді, жағдай тұрақты бақылауда.