16 қазан күні сағат таңғы 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында Jac және MAN көліктері соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Jac көлігі жолдың шетінде шекарадан өту үшін кезек күтіп тұрған MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Көлікте барлығы 10 адам болған. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Оларға қажетті емдеу шаралары толық көлемде жасалады.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты. ЖКО қатысушылары болған барлық көлік құралдары Өзбекстан Республикасында тіркелгені нақтыланды.
«Жәбірленушілер мен қаза тапқандар – Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.