Маңғыстау облысында жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жергілікті Lada.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп, 18 шағын ауданда 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салынады. Осы аудандағы Қызылтөбе ауылдық округінде "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында да 1200 орындық мектеп бой көтереді, - дейді Маңғыстау облысының білім басқармасындағылар.
Ведомство ақпаратынша, білім ошақтары 2024 жылы пайдалануға беріледі.