Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстауда жазасын өтеушілер концерттік бағдарлама ұйымдастырды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 мекемесінде көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі – Халықаралық әйелдер күні аталып өтті.
Мекемеде жазасын өтеушілер концерттік бағдарлама ұсынды. Сахнада сотталғандар ана туралы әндер шырқап, би өнерін паш етті.
Сотталғандардың тәрбие жұмысын жетілдіру үшін мекемеде спорттық, мәдени іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Осында жазасын өтеушілер мерекелік іс-шараларға белсенді түрде қатысады, – дейді мекеменің жасақ бастығы Ербол Сәрсенбаев.
Шараның басты мақсаты – жасақтарда ұйымшылдық, бір-біріне деген жанашырлық сезімдерін қалыптастыру. Осы күні барлық құттықтаулар, әндер, билер нәзік жандарға арналды.