Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 мамыр мен 8 мамыр аралығында болған қатты жаңбырдың салдарынан облыстың 2 қаласы мен 2 ауданға қарасты 4 елді мекенде су басу жағдайлары болды:
- Ақтау - 11 көше (оның 9-ы айдап шығарылды). 12420 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда;
- Жаңаөзен қаласында - 88 тұрғын үй (оның 35-і айдалды), 43 аула аумағы (оның 28-і айдалды), 27 көше (оның 20-ы айдалды), 3 мектеп және 1 балабақша (оның 3-еуі айдалды).
Инертті материалдары бар 130-дан астам қап салынған. 17 300 текше метр су тартылды, жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, электрмен жабдықтау өшірілді (жеке сектордың 60 абоненті жарықсыз).
06.05. ТЖД күшімен 19 адам эвакуацияланды, оның 9-ы бала (туыстарына көшірілді). Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының әкімдігінде арнайы штаб құрылды.
- Қарақия ауданының Бостан ауылында - 5 тұрғын үй және "Тұрмыс-сервис" ММ сорғы станциясы. Су толығымен сорылды (950 текше метр); - Қарақия ауданының Сенек ауылында - 23 тұрғын үй және 25 аула аумағы, спорт мектебі. Инертті материалдары бар 700-ден астам қап салынған. Су толығымен сорылды (980 текше метр);
-Қарақия ауданының Құрық ауылы, "Құрық - Жетібай" (дамба)тас жолының 4-шақырымында жаңбыр суы толығымен шығарылды (100 текше метр).
- Маңғыстау ауданы, Шетпе селосында - 2 тұрғын үй және 9 аула аумағы. Су толығымен сорылды (16 текше метр). Бұл жұмыстарға ТЖД (81 қызметкер, 19 бірлік техника және 21 мотопомпа), ЖАО (138 қызметкер, 46 бірлік техника және 5 мотопомпа), 85 ерікті жұмылдырылды.