Маңғыстауда жанып кеткен көліктен бүлінбеген Құран табылды

Оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

 pixabay.com Кеше 2026, 13:50
Кеше 2026, 13:50
605
Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде толықтай жанып кеткен автокөлік түсірілген видео кеңінен тарап жатыр. Видео авторының айтуынша, көліктің ішіндегі Құран мен тәспі өрттен аман қалған. Бұл кадрлар желі қолданушылары арасында қызу пікірталас тудырды.

Видеода ер адам әбден жанып кеткен көлікті көрсетіп, кейін өзінің сөзінше өрттен бүлінбей қалған қасиетті кітап пен тәспіні көрсетеді.

Lada.kz мәліметінше, жарияланым аз уақыт ішінде көп қаралым мен пікір жинаған. Қолданушылардың бір бөлігі мұны ғажайып жағдай әрі тылсым белгі деп қабылдаған. Кейбірі бұған ұқсас оқиғаларды да еске алып, өрттен кейін діни заттардың аман қалғанын жазған.

Ал енді бір қолданушылар бұл жағдайға күмәнмен қарады. Олардың пікірінше, қалың қағаз бен кейбір материалдар белгілі бір жағдайда қатты өрттің өзінде ішінара сақталып қалуы мүмкін.

Әзірге өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайына қатысты ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Наверх