Маңғыстауда үшемдерін ерткен ана өз таңдауын жасады

19 Наурыз 2023, 13:06
579
Бөлісу:
Маңғыстауда үшемдерін ерткен ана өз таңдауын жасады
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты, Басқұдық ауылының тұрғыны,  “Күміс алқа” иегері Гүлсара Вапаева дауыс берді,  деп хабарлайды Маңғыстаудадағы BAQ.KZ тілшісі.

Ол сайлау учаскесіне 5 жасар үшемдер – Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен келді.  

Бүгін – маңызды күн. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп санаймын. Балаларымыздың ертеңі үшін келіп тұрмын. Себебі: бүгін сайланатын депутаттарға, ертең қабылданатын заңдар тікелей байланысты. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін адал қызмет етсін деген ниетпен таңдау жасадық, – дейді батыр ана.

Гүлсара Вапаева– алты баланың анасы. Балаларының алды оқушы болса, кішісі бесікке бөлеулі.

Өзгелердің жаңалығы