Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданына қарасты, Басқұдық ауылының тұрғыны, “Күміс алқа” иегері Гүлсара Вапаева дауыс берді, деп хабарлайды Маңғыстаудадағы BAQ.KZ тілшісі.
Ол сайлау учаскесіне 5 жасар үшемдер – Ербол, Нұрбол, Іңкәрмен келді.
Бүгін – маңызды күн. Осындай шешуші сәттен қалыс қалмауымыз қажет деп санаймын. Балаларымыздың ертеңі үшін келіп тұрмын. Себебі: бүгін сайланатын депутаттарға, ертең қабылданатын заңдар тікелей байланысты. Балаларымыздың болашағы жарқын болуы үшін адал қызмет етсін деген ниетпен таңдау жасадық, – дейді батыр ана.
Гүлсара Вапаева– алты баланың анасы. Балаларының алды оқушы болса, кішісі бесікке бөлеулі.