Маңғыстауда ұшақ апатынан зардап шеккен соңғы науқастарды еліне шығарып салды

30 Желтоқсан 2024, 22:32
393
Бөлісу:
Маңғыстауда ұшақ апатынан зардап шеккен соңғы науқастарды еліне шығарып салды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен соңғы науқастарды еліне шығарып салды, деп хабарлайды BAQ.KZ Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 30 желтоқсан күні Маңғыстау облысының басшылары, дәрігерлер мен құтқарушылар ұшақ апатынан зардап шегіп, жансақтау бөлімінде 6 күн емделген үш әзербайжандық азаматты арнайы бортпен еліне шығарып салды.

25 желтоқсаннан бері облыстық көпбейінді емханасының жансақтау бөлімінде жатқан Лейла Омарова, Муслимат Сираджова мен Хафизат Халаеваны бүгін Әзербайжаннан арнайы келген ұшақтармен еліне алып кетті.

Үшеуінің де жағдайының динамикасы нашарлаған жоқ, бір науқас механикалық вентиляциядан, вазопрессордан және дәрілік седациядан шығарылды. Ал екеуінде вазопрессорлардың дозасы минималды дозаларға дейін төмендетілген. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін барын салды, - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде Маңғыстау облыстық көпбейінді емханасында ұшақ апатынан зардап шеккен науқастар жоқ.

Маңғыстаулық дәрігерлер әуе апатынан жарақат алған 29 азаматтың түгел аман-есен еліне жеткеніне дән риза, - деп хабарлады әкімдік.

Өзгелердің жаңалығы