Маңғыстау облысында жуушы-тазалаушы әйел жұмыс берушінің салғырттығы салдарынан жалақысыз және әлеуметтік аударымдарсыз қалған. Даулы іске №2 Ақтау қалалық соты араласты, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 1 наурызда тараптар арасында еңбек шарты жасалған. Талапкер II дәрежелі жылжымалы құрамның жуушы-тазалаушысы болып жұмыс істеген. 2024 жылдың қазан айының соңында еңбек шарты тараптардың өзара келісімімен бұзылған.
Алайда жұмыстан босатылған кезде әйелге 2024 жылдың қазан айындағы жалақы төленбеген. Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар да тиісті қорларға аударылмаған. Осыған байланысты бұрынғы қызметкер сотқа жүгініп, «он үшінші жалақы» ретінде есептелетін жалақы бойынша берешекті өндіріп алуды, сондай-ақ жұмыс берушіні барлық міндетті төлемдерді аударуға міндеттеуді талап еткен.
Сот отырысы барысында «Ж» ЖШС директоры талап қою талаптарын толық мойындады. Оның айтуынша, кәсіпорында кірістің болмауына байланысты төлемдер уақтылы жүргізілмеген.
Сот Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің нормаларын басшылыққа ала отырып, жұмыс берушіні бұрынғы қызметкер алдындағы жалақы қарызын толық өтеуге, сондай-ақ барлық міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды тиісті қорларға аударуға міндеттеді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.