Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында жаңбырдан кейін бірнеше көлік су астында қалды. Толассыз жауған жаңбырдан кейін көліктерді су басты, – деп хабарлайды "Лада".
Оқиға бүгін "Көк шығанақ" ауданында болған.
24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы шақырту алдық. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі – бала, – деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
Маңғыстауда сел болып,