Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен

Бүгiн, 11:38
619
Бөлісу:
Маңғыстауда қаңғыбас иттер бір отар ешкіні қырып кеткен
Фото: Скрин видео

Оқыс оқиға Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Lada.kz мәліметінше, 29 шілде күні таңда ешкі тұрған қораға бес қаңғыбас ит кіріп кетіп, 40 бас ешкіні талап кеткен. 

Ешкілердің иесі, кәсіпкер Құмар Нүрпейісова шағымын айтты.

Мен кәсіпкерлер палатасына, облыстық кәсіпкерлік бөлімінің басшысына бардым. Ешкім көмек бермеді. Облыс әкімінің қабылдауына жазылдым. Елемеді, - деді ол.

Әйелдің сөзінше, ол ешкі өсіру үшін "Нұр-Капитал" бағдарламасы бойынша несие алған.

Менің өнімім Мұнайлы ауданы тұрғындарын сүт, ірімшік, құрт, кілегей және ешкі сүтімен қамтамасыз етіп келді. Бұл менің жалғыз табыс көзім еді. Қаңғыбас иттер екі сағатта барлығын қырып кеткен, - деді Нүрпейісова.

Өзгелердің жаңалығы