Бүгін сағат 17:59-да Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының теңіз жағалауында жасөспірім суға кеткені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жағажайдың 15-16 шақырымында 2007 жылы туған азаматтың жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқару бөлімшесі 19 сағат 05 минутта оқиға орнына жеткенге дейін туыстары суға батқан бозбаланың денесін теңізден алып шықты, - делінген хабарламада.
ТЖД-ден 3 қызметкер, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды.
ТЖД-ден 3 қызметкер, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды.