Швейцариялық инвесторлар Маңғыстауда бекіре және уылдырық өсіретін балық кешенін салуды жоспарлап отыр, деп жазады Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
Маңғыстау облысына сапары барысында швейцариялық «Rey Group» компаниясының президенті Кристиан Рей де Руддер, «Swiss Choice SAND» бас атқарушы директоры Хавьер Рей инвестиция салуға дайын екеін айтты.
«Rey Group» компаниясы бекіре және уылдырық өсіретін кешенде жылына 100 тонна бекіре және 10 тонна уылдырық өндірмек.
Маңғыстауда балық өндірісін ұлғайту өңірді дамытудың ең маңызды аспектісі болмақ. Индустриялық балық өсіру – тоғандық балық өсірумен салыстырғанда тауарлық балықты өндірудің ең тиімді әдісі. Бұл әдіс кез-келген климаттық аймақта сан алуан балық түрін өсіруге мүмкіндік береді. Біз жан-жақты қолдауды көріп отырмыз. Экономикалық маңызды жобаның жүзеге асуына қызығушылығымыз зор, – деді «Rey Group» президенті Кристиан Рей де Руддер.
Швейцариялықтардың тәжірибесі өңірде балық шаруашылығы саласын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.