Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі апта ішінде облыстың жеке сот орындаушылары әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп борышкерлердің 20 автокөлігін айыппұл тұрағына орналастырды, деп хабарлады жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.
Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент бойынша борышкерлерден 7 миллион теңге өндіріп алды.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес борышкерлерге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды. Тағы 11 материал қылмыстық іс қозғау үшін Ақтау қаласының прокуратурасына жолданды. Жеке сот орындаушылардың жұмысында алименттік істер ерекше бақылауда, бұл бағытта барлық жұмыстар жүргізілуде. Қарызды өндіріп алу үшін рейдтік іс шаралар жыл соңына дейін жалғасады,- деді Маңғыстау облысы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары Исатай Аблаев.