Маңғыстау облысының ТЖД қызметі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын анықтау мақсатында хостелдерде жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінгі таңда инспекторлық құраммен 8 хостел тексеріліп, 50-ден аса бұзушылық анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша барлық 8 хостел әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде сот шешімімен 2 хостелдің қызметі тоқтатылды. ТЖМ азаматтар мен кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады, - делінген хабарламада.