“Алтын алқа” иегері, өңірге белгілі такси жүргізушісі Гүлшара Жолдасбаева Шетпе ауылындағы №166 сайлау учаскесінде рейске шықпас бұрын келіп, дауыс берді, деп хабарлайды Маңғыстаудағы BAQ.KZ тілшісі.
20 жылдан бері Ақтау-Шетпе бағытында жолаушы тасымалдайтын әже саяси науқаннан қалыс қалғысы жоқ.
Бұл сайлауда білімді, саналы азаматтар сайланып, елінің тыныштығы, халқының әлеуметтік жағдайының түзелуі үшін аянбай еңбек ететін болса екен. Парасатты, білімді депутаттар халықтың сөзін сөйлеп, Үкіметке жеткізеді деген сеніммен маңызы шараға келіп тұрмын,– дейді Гүлшара Жолдасбекова.