Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында алты адам қылмыстық жауапкешіліктен босатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Қарақия аудандық пробация қызметінің есебінде 65 сотталған бар.
Оның ішінде 44 адамға пробациялық бақылау белгіленген. Пробациялық бақылау белгіленген 44 сотталғанның ішінде «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес 13 адамға қатысты аудандық сотқа ұсыныс жолданды.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 11-бабына (Қылмыс санаттары) сай сотқа ұсынылған материалдардың ішінде бір онша ауыр емес, алты орташа, жеті ауыр қылмыс санаттары бар. Қарақия аудандық сотымен аталған ұсыныстар толық қанағаттандырылып, алты адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, жетеуінің жаза өтеу мерзімі қысқартылды.