Маңғыстау облысының прокуратурасы кәсіпкерлікке мемлекеттік бақылау жүргізу барысында заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Талдау қорытындысы бойынша негізсіз тексеру бастау, бизнеске заңсыз араласу, құжаттарды заңсыз алу және тексеруді тіркеу тәртібін бұзу секілді 17 факті тіркелген.
Нәтижесінде Ақтау, Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында түрлі органдардың 17 лауазымды тұлғасы ӘҚБтК-нің 173 және 175-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Прокуратура бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасатынын және бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын мәлімдеді.