Маңғыстау облысы, Ақшұқыр ауылында 15 жастағы жасөспірімді қаңғыбас ит талап тастаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жақын маңдағы адамдар бірден көмекке келіп, итті қуып жіберген. Осылайша олар баланы құтқарып, жедел жәрдем шақырған.
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы тұрақты, тиісті ем тағайындалды.
Аймақтың білім басқармасы зардап шеккен оқушы Ақшұқыр ауылындағы мектеп-гимназияның 9-сыныбында оқитынын айтады.
Оқиғадан кейін Түпқараған ауданының полициясына ит шабуылы туралы хабарлама түскен. Ювеналды полиция инспекторлары оқиға орнына барып, мән-жайды анықтаған және баланың ата-анасына хабар берген.
Иттің иесі анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 407-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Заңға сәйкес, иесіне 10 АЕК, яғни 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, — деп хабарлады баспасөз қызметі.