Маңғыстау - жұмыскерлерге еңбекақы төлеуде берешегі көп өңір

29 Желтоқсан 2020, 09:38
1622
Бөлісу:
Маңғыстау - жұмыскерлерге еңбекақы төлеуде берешегі көп өңір

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында  еңбекақы бойынша жалпы берешек 724 млн теңгені құрап отырғанын айтты.

Бүгінгі таңда ресми статистика бойынша еліміздегі жұмыс істеп тұрған 324 мың кәсіпорында 6 миллион 650 мыңнан астам жұмыскер еңбек етіп жатыр. Олардың жалақысы былтырғы жылмен салыстырғанда орта есеппен 6,9 пайызға өсіп отыр. Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің 2019 жылының қорытындысы бойынша еңбек нарығы тиімділігі рейтингісінде Қазақстан 30-шы орыннан 25-ші орынға көтерілді. Еңбек қатынастарына қатысты мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін табылып жатыр, - дейді Біржан Нұрымбетов. 

Министрдің айтуынша, біріншісі – еңбекақының уақытында төлену мәселесі. 

Бүгінгі күні еңбекақы бойынша жалпы берешек 724 млн теңгені құрап отыр. Ол жыл басынан бері 49 пайызға немесе 696 млн теңгеге азайды. Дегенмен оның ішінде өңірлер бөлінісінде ең үлкен берешек Маңғыстау, ШҚО және Алматы облыстарына тиесілі, - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы