Маңғыстау полициясы заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіледі

5 Қыркүйек 2023, 16:32
723
Бөлісу:
Маңғыстау полициясы заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіледі

Биыл Маңғыстау полициясы заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері облыстық ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлерімен өңірге синтетикалық есірткі тасудың 5 ірі арнасының жолы кесілді. Аталған дерек бойынша күдіктілер ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ сегіз айлық көрсеткішке сәйкес, жалпы көлемде барлығы 209 есірткі құқық бұзушылығы мен 58 есірткі қылмысы анықталды. 

Оның ішінде 38 есірткі сату, 11 есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, 2 контрабанда фактілері, 5 есірткіні заңсыз өсіру және есірткі қолданудың 2 дерегі анықталып. Есірткі құралдарын шағын және ірі мөлшерде сақтауға байланысты 151 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 70 келіден астам есірткі заттары тәркіленді, атап айтқанда 65 келі марихуана, 4 келі 521 грамм синтетикалық есірткі (мефедрон, альфа-PVP және т.б.), 684 грамм гашиш. 127 грамм апиын. Құқық бұзушылықтарға жол берген 124 адам мен есірткі қылмысына қатысы бар 32 тұлға анықталып, олардың барлығы жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Нашақорлықтың алдын алу бойынша 207 профилактикалық іс-шара өткізілді, оған үш мыңнан астам адам қатысты. Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі заттарын жарнамалайтын 230 граффити жазуы жойылса, 75 сайт бұғатталды. Бұдан бөлек, облыста әлеуметтік желі арқылы арам істерін жүзеге асырған 16 адам бас бостандығынан айырылды. 

Бұл ретте жасөспірімдер де қомақты қаржының алдында әлсіздіктерін көрсетіп, синтетикалық есірткі айналымымен айналысқан және жасаған әрекеттеріне сай полицейлермен құрықталды. Сотталғандардың барлығы он жыл және одан да көп жылға бас бостандығынан айыру жазасын алды және жазаларын еліміздегі түзету мекемелерінде өтеп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы